Шымкентте мектеп оқушылары уланып қалды

0
543

Оқушы қыздар абайсызда өзін қорғауға арналған баллоннан газ шашып жіберген.


Шымкентте мектеп оқушылары уланып қалды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкентте мектеп оқушылары бұрышты баллон иісінен уланып қалды. Келеңсіз жағдай қаладағы №55 жалпы орта мектебінде орын алған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қалалық білім беру басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Бүгін таңғы сағат 9:30 шамасында үзіліс кезінде (перемен) №55 жалпы орта мектебінің 9 «е» сыныбының екі қыз баласы ата - аналары алып берген өзін қорғайтын бұрышты газ баллонынан абайсызда кабинетке газ шашып, нәтижесінде 8 балаға алғашқы көмек көрсетіліп, оның ішінде 3 оқушы улану жағдайына байланысты балалар ауруханасына жеткізілді" - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда, оқушылардың жағдайы бір қалыпты, өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ. Абай аудандық полиция басқармасы тарапынан мән-жайды анықтау мақсатында тергеу жұмыстары жүргізілуде .
Дәрігерлердің айтуынша балалардың жағдайы бақылауда, оқушылар 2 сағат көлемінде үйлеріне қайтарылған.