Шымкентте “Мектептегі шахмат” бағдарламасымен 324 мұғалім біліктілігін арттырады

0
1 090

Бүгінде «Мектептегі шахмат» бағдарламасы аясында 36 сағаттық оқу басталған.


Шымкентте “Мектептегі шахмат” бағдарламасымен 324 мұғалім біліктілігін арттырады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Бұқаралық спортқа, дене тәрбиесіне және балаларға басымдық беру керек. Әр облыста, ірі аудан орталықтарында спорт үйірмелерін ашу қажет», – деді. Осы бойынша Жолдауды халық арасында кеңінен насихаттау мақсатында атқарылған жұмыстар төңірегінде Шымкент қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олег Почиваловтың қатысуымен тікелей эфирде сұхбат өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ

– Шымкентте жалпы балалар мен жасөспірімдер спорт мектептебінің 1 352 тобында 18 415 бала спортпен тұрақты шұғылданады. Сонымен қатар, білім басқармасына қарасты 12 аула клубы жұмыс істейді. Аталған клубтарда 3 100-ден аса жеткіншек түрлі үйірме мен секцияға қатысады. Одан бөлек, жергілікті спортшылар жыл басынан бері спорттың 68 түрі бойынша Ел чемпионаттары, кубоктары мен біріншіліктеріне қатысып 134 алтын, 121 күміс, 110 қола медаль жеңіп алды, – деді О.Почивалов.
Басқарма басшысының сөзінше, Шымкент қаласының Білім басқармасына қарасты ұйымдарда мектеп оқушыларына шахмат үйрету үшін мұғалімдерді оқыту мен олардың біліктілігін арттыруға көмек көрсетілуде. Бүгінде «Мектептегі шахмат» бағдарламасы аясында 36 сағаттық оқу басталған. Нәтижесінде, оқытушылар қорытынды тест тапсырып, арнайы сертификат иеленеді. Яғни, жыл соңына дейін 324 мұғалім біліктілігін арттырмақ.
Айта кетейік, 2021 жылы өтетін XXXII Жазғы Олимпиада ойындарына оқ ату, стенд ату, каратэ-до және бокс бойынша жолдама иелері анықталған. Ал қалған спорт түрлерінен жолдамаға үміткерлер сараланып, дайындық жұмыстары жүргізілуде.