Шымкентте «Мектептерде ақша жинауға жол жоқ» акциясы бастау алды

0
2 317

Стратегиялық мақсаттарға тиімді қол жеткізуге сыбайлас жемқорлық кедергі келтіруде.


Шымкентте «Мектептерде ақша жинауға жол жоқ» акциясы бастау алды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен қалалық білім саласындағы бақылау департаменті білім беру мекемелерінің өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған іс-шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев, қалалық білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Ж.Тәжиева, Жобалық кеңсе басшысы Е.Төлебаев пен 140 мектептің директорлары және ата-аналар қатысты. Бұл кездесудің мақсаты – білім беру мекемелеріндегі ақша жинау, заңсыз сыйақы алуға байланысты мәселелерді талқылау.

Сондай-ақ, шара барысында Департамент басшысының орынбасары Т.Серікбаев бүгінгі таңда Қазақстан мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігінің кепілі болып табылатын сапалы білім беруге ұмтылатынын жеткізді.

«Барлық жетекші елдер адам капиталының жоғары деңгейі есебінен ғана өркендеуге қол жеткізді. Алайда, өкінішке орай, стратегиялық мақсаттарға тиімді қол жеткізуге сыбайлас жемқорлық кедергі келтіруде», - дейді Т.Серікбаев.

Сонымен қатар, Т.Серікбаев білім беру мекемелеріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы айтып, өңір бойынша парақорлық бойынша қылмыстық істердің мысалдарын келтірді. Одан бөлек, мектептердегі ақша жинауға тыйым салу және заңсыз сыйақы алған тұлғалардың жауапкершілігіне, сондай-ақ қамқоршылық кеңестерінің жұмысына баса назар аударылды.

Өз кезегінде, қалалық білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Ж.Тәжиева білім беру ұйымдарындағы қамқоршылық кеңесінің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын сақтау бойынша баяндама жасады.

Ал іс-шара қоытындысында, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мақсатында «Мектептерде ақша жинауға жол жоқ», «Нет поборам в школах» акциясы бастау алды.