Шымкентте мыңнан астам жұмыс орны құрылады

0
863

​21 жоба іске қосылады.


Шымкентте  мыңнан астам жұмыс орны құрылады

Үшінші мегаполисте кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында 1 мыңнан астам жұмыс орнын құрылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласында кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында 2021 жылы 56,1 млрд.теңгеге 1 мыңнан астам жұмыс орнын құрумен 21 жобаны іске қосу көзделген. Бұл туралы қәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Б.Дүйсебеков айтты.

Оның айтуынша, бұл жобаларға тұрақты мониторинг жұмыстары жүргізіліп, проблемалық мәселелерін шешу бойынша мемлекеттік қолдаулар көрсетілуде екен.
Жалпы қалада кәсіпкерлерге «бір терезе» қағидасымен қажетті қызметтер көрсететін «Бизнеске арналған үкімет - Shymkent Invest» фронт-кеңсесі жұмыс атқаруда.