Шымкентте өткен тәулікте 10 адамнан коронавирус анықталды

0
2 335

Олар өздеріне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған.


Шымкентте өткен тәулікте  10 адамнан коронавирус анықталды

Шымкентте өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 10 азамат анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Олар өздеріне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынға


ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Сондай-ақ 3 науқас емделіп шықты.


Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.


Шымкент қаласында 2020 жылдың 24 наурызынан 27 қаңтарға дейінгі аралықта COVID-19 ауруының 5 813 жағдайы тіркелді (2871 - симптомды, 2842 - симптомсыз). Емделіп шыққандар саны – 5 381.