Шымкентте өткен тәулікте 200-ден астам нысанға тексеру жүргізілді

0
379

Оның ішінде 6 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.


Шымкентте өткен тәулікте 200-ден астам нысанға тексеру жүргізілді
иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Шымкентте өткен тәулікте 54 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
16 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 38 адам үй бақылауына алынды. Өткен тәулікте 2549 адам вакцина алды: I компонент – 503, II компонент – 2046. Егу науқаны басталғалы барлығы 175 760 адам вакциналанды. Оның ішінде 87 301 адам вакцинаның екі компонентін салдырды.
Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 376 орын бар (қалалық инфекциялық орталық – 490, «Атамекен» клиникасы – 450, Орынбай ГБОО – 70 орын, №14 емдеу орталығы – 250, қалалық перинаталдық орталық – 30, №2 оңалту орталығы – 100, қалалық клиникалық балалар ауруханасы – 10, Шымкент жүрек орталығы – 6).
Сондай-ақ, 2 маусым күні 202 нысанға тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 6 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.