Шымкентте өткен тәулікте 77 адамнан коронавирус анықталды

0
443

Оның ішінде белгілері бар - 37, белгілері жоқ - 40.


Шымкентте өткен тәулікте 77 адамнан коронавирус анықталды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында короновирус жұқтырғандар саны алдыңғы күнге қарағанда төмендеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Өткен тәулікте 77 адамнан ауру белгілері табылған. Оның ішінде белгілері бар - 37, белгілері жоқ - 40. Вирус жұқтырған 14 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 63 адам үй бақылауына алынды.
Бұдан басқа, қалада өткен бір тәулік ішінде 1 205 адам вакцина алды. Оның ішінде 439 азамат I компонентін алса, 766 II компонентін салдырған. Ал, егу науқаны басталғалы барлығы 169 693 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 74812 адам вакцинаның екі компонентін алған.
Жалпы қалада жүргізілген зертханалық зерттеулер (ПТР) – 417 234, тәулігіне 1430. Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 20 мобильдік топ 23 мамыр күні 309 нысанға тексеру жұмыстары жүргізіді. Олар 10 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығын анықтап, әкімшілік хаттама толтырды.