Шымкентте өткен тәулікте 82 адамнан коронавирус анықталды

0
452

Оның ішінде белгілері бар - 60, белгілері жоқ - 22.


Шымкентте өткен тәулікте 82 адамнан коронавирус анықталды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында 12 мамырда КВИ-дің 82 жағдайы тіркелді (белгілері бар - 60, белгілері жоқ - 22), деп хабарлайды ERNUR.KZ.

36 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 46 адам үй бақылауында. 2 368 адамнан ПТР сынамасы алынды.

Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 406 орын бар, төсек орын толымдығы 46%-ды құрайды.
Соңғы бір тәулік ішінде қалада 5 036 адам вакцина алды (I компонент-2 646, II компонент- 2 390). Егу науқаны басталғалы барлығы 154 892 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 61 157 адам вакцинаның екі компонентін қабылдады.
Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін мобильдік топтар 432 нысанға тексеру жұмыстарын жүргізіп, карантин режимін бұзған 8 нысанға әкімшілік хаттама толтырды.