Бүгінде провизорлық станционардағы төсек орындардың 88 пайызы бос.
Шымкент қаласында өткен тәулікте коронавирус инфекциясына шалдыққан науқас тіркелген жоқ. Қаладағы эпидемиялогиялық ахуал күннен күнге жақсарып келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бүгінде провизорлық станционардағы төсек орындардың 88 пайызы бос. Вирус жұқтыру деңгейінің төмендеуіне қалада жүргізіліп жатқан алдын алу жұмыстары септігін тигізді.
Дегенмен медицина мамандары әлі де босаңсуға болмайтынын ескертеді. Мейлінше сақтық шараларын күшейтіп, карантин талаптарын ұстануға шақырады.
Айта кетейік, Шымкент қаласыда бүгінге дейін Сovid-19 жұқтырудың 5155 фактісі тіркелген. Оның ішінде 2627-сі – симптомды, 2528-сі – симптомсыз жағдай. Ал 4330 науқас коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.