Шымкентте өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 100-ден асты

0
642

Соңғы аптада алдыңғы аптамен салыстырғанда COVID-19 жағдайы 3,4 есе жоғары тіркелді.


Шымкентте өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 100-ден асты

Шымкент қаласында 14 шілде күні COVID-19 инфекциясымен 103 жағдай тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Ауырғандардың көбі – ересектер. 18 жасқа дейінгі балалар арасында 25 жағдай анықталған.

Соңғы аптада алдыңғы аптамен салыстырғанда COVID-19 жағдайы 3,4 есе жоғары тіркелді.
Коронавирусты инфекциямен ауырғандар профилактикалық тексеру кезінде және науқастар өз бетімен медициналық көмекке жүгінгенде анықталуда. Коронавирусты инфекцияның симптомды түрімен ауырғандар емдеу хаттамасына сәйкес ем алады, ал симптомсыз түрімен ауырғандар 10 күн медициналық бақылауда болады.

Шымкент қаласында вакцинациялау, ревакцинациялау және қайта ревакцинациялау Қазақстанда қолдануға рұқсат етілген «QazVac», «Vero Cell», «Комирнати» (Phizer, АҚШ) вакциналарымен жүргізілуде. «Комирнати» (Phizer, АҚШ) вакцинасы 12-18 жас аралығындағы жасөспірімдерге, жүкті әйелдерге (жүктіліктің 16 аптасынан бастап 37 аптасына дейін) және лактация кезеңіндегі әйелдерге (босанғаннан 42 күннен кейін бала 2 жасқа толғанға дейін) жүргізіледі.
Шымкент қаласында өткен тәулікте 102 адам екпе алды. Егу науқаны басталғалы барлығы 603309 адам вакцинацияланған. 354606 адам ревакцинациядан өтті.