Ол қызметтегі жалпы қамқорлығы инспекторлардан жүйелі негізде 5 мыңнан 10 мың теңгеге дейінгі мөлшерде пара алған.
Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жергілікті полиция қызметіндегі жүйелі сыбайлас жемқорлық фактілерінің жолын кесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қылмыстық қудалау орбитасына 30-дан астам полиция қызметкері мен олардың сыбайластары тартылып, оның ішінде 4 айыпталушы соттың санкциясымен қамауға алынды.
"Қызметтегі жалпы қамқорлығы үшін инспекторлардан жүйелі негізде 5 мыңнан 10 мың теңгеге дейінгі мөлшерде пара алғаны үшін 8-ші рота командирі әшкереленді", - делінген баспасөз хабарламасында.
Осы жылдың 7 шілдесінде қалалық тергеу соты оны 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.
Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.