Шымкентте полиция қызметкеріне 20 мың теңге көлемінде пара ұсынған азамат ұсталды

0
1 227

Пара беруші ақшаны ұсынып жатқан кезінде ұсталды.


Шымкентте полиция қызметкеріне 20 мың теңге көлемінде пара ұсынған азамат ұсталды

Шымкентте полиция қызметкеріне пара беру жайтының жолы кесілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласының тұрғынына қатысты көрінеу заңсыз әрекеттер жасағаны үшін лауазымды тұлғаға пара беру жайты бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Азамат өзінің танысы Қылмыстық кодекстің 191-бабының 2-бөлігі (Бірнеше рет тонау) бойынша сотты болып, арнайы аймақаралық сотымен белгіленген шектеуді түнгі уақытта бұзғаны үшін шара қолданбауын сұрап, жергілікті полиция қызметінің қызметкеріне пара ретінде 20 000 теңге көлемінде ақшалай қаражат беруге ниет білдірген. Полиция қызметкері аталған жайт бойынша Шымкент қаласы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасына хабарлаған. Нәтижесінде пара беруші ақшаны ұсынып жатқан кезінде ұсталды.