Шымкентте сайлау күні қоғамдық көліктер тегін қызмет етеді

0
1 896

Шымкентте осы күні 260 сайлау учаскесі жұмыс істейді.


Шымкентте сайлау күні қоғамдық көліктер тегін қызмет етеді

9 маусым күні өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына орай Шымкент қаласында қоғамдық көліктер жолаушыларды тегін тасымалдайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгінде саулау алдындағы дайындық іс-шаралары қыза түсті. Шымкентте осы күні 260 сайлау учаскесі жұмыс істейді.

Әрбір азамат сайлауға қатысу арқылы елдің қоғамдық-саяси өміріне маңызды үлес қосады. Елдің болашағын таңдау – әрбір азаматтың қолында.

Еске салсақ, қала тұрғындары қай сайлау учаскесінде дауыс беретінін Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтында, ЖСН нөмірін жазу арқылы біле алады.

Айта кету керек, 9 маусым күні Шымкентте қоғамдық көліктер қала тұрғындарын тегін тасымалдамақ. Ал сайлау учаскелерінде дауыс беру сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін жалғасады.