Акция барысында газбен улану кезіндегі алғашқы жәрдем туралы жазылған ақпараттық-түсіндірме брошюралары таратылуда.
Шымкент қаласында "Сақ болыңыз - улы газ" акциясы жалғасуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімдігінің қызметкерлері аудандық Төтенше жағдайлар басқармасы мамандарымен бірлесе аудан аумағында тұрмыстық газдан уланудың алдын алу акциясын қолға алған болатын.
Бүгінде "Сақ болыңыз - улы газ" акциясы барысында көпқабатты және жеке үйлерге, жатақханаларға уланудың ең көп тараған себептері, оның белгілері және газбен улану кезіндегі алғашқы жәрдем туралы жазылған ақпараттық-түсіндірме брошюралары таратылуда.
Аталған жұмыстар Әл-Фараби ауданы аумағында көктем мезгіліне дейін тұрақты түрде жүргізіледі.