​Шымкентте соңғы қоңырау салтанаты онлайн форматта өтті

0
1 913

Биыл қалада 8 885 оқушы мектеп бітіріп отыр.


​Шымкентте соңғы қоңырау салтанаты онлайн форматта өтті

Шымкентте соңғы қоңырау салтанаты онлайн форматта өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева бейнеконференция арқылы түлектер мен олардың ата-аналарын, ұстаздар қауымын оқу жылының аяқталуымен құттықтады.

«ZOOM» платформасы арқылы байланысқа шыққан түлектерге Жанат Арысбекқызы мектеп кезіндегі өткен қызықты оқиғаларын айтып, жүрек тебіренісіне толы естеліктерімен бөлісті.

Ардагер ұстаздар қауымы да онлайн жиынға арнайы қатысып, түлектерге сәттілік тіледі.

Ал оқушылар алдын ала дайындалған «Ұстазыма мың алғыс!»- атты эстафеталық шеруін ұсынды.

«Birgemiz: ТҮЛЕК -2020» ұранымен өткен соңғы қоңырауға халықаралық, республикалық деңгейдегі олимпиадалық ғылыми жоба және спорттық, өнер сайыстарының жеңімпаздары, «Алтын белгі», «Үздік аттестат» иегерлері қатысты.

Айта кетейік, алғаш рет 9 және 11 сынып оқушылары емтихансыз 25 мамыр күні жылдық қорытындымен мемлекеттік аттестатқа ие болды. Биыл қалада 8 885 оқушы мектеп бітіріп отыр. Оның ішінде 546 «Алтын белгі» иегері және ерекше атестат алатын 356 түлек бар.

Білім басқармасының басшысы Ж.Тәжиева Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағын, аттестаттар мен «Алтын белгіні» тапсыру рәсімін ұйымдастыру кезінде қатаң санитарлық талаптар ескерілетенін айтты.

Ал ата-аналар қауымын пандемияға байланысты мерекелеуден бас тартуға шақырды.