Шымкентте су тасқынына байланысты оқу-жаттығу өтеді

0
2 551

Су қоймаларының толуы 15-42% құрайды.


Шымкентте су тасқынына байланысты оқу-жаттығу өтеді

Шымкент қаласында су тасқынына байланысты оқу-жаттығу 4-5 наурызда өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Шымкентте қала аумағындағы тасқын жағдайы бір қалыпты. Қаладағы 4 су қойманың жағдайы қанағаттанарлық, оларға алдыңғы жылдары меншік иелерімен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді (358 млн. тг.). Жалпы қала бойынша су қоймаларының толуы 15-42% құрауда. Қазіргі таңда тасқын суларды қабылдауға жеткілікті қоры бар.
Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Жәнібек Тұрлыбекұлы баспасөз брифингте мәлімдеді.
Сала басшыларының айтуынша, су тасқыны кезеңінде авариялық құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізуге қала әкімдігі тарапынан 48 мың дана қап пен 18 тонна құм дайындалған. Төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен халықты қабылдау үшін 129 жиналу эвакуациялық пункттері дайындыққа келтірілген.

Көктемгі кезеңде ықтимал су тасқынына байланысты қала аумағында «Көктем-2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары 4-5 наурыз аралығында өткізіледі. Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты көктемгі кезеңде болуы мүмкін төтенше жағдайлардың салдарын жою үшін құрылған авариялық-құтқару қызметтері мен бөлімшелерінің әзірлігін, сондай-ақ материалдық-техникалық базаның жай-күйін тексеру болып табылады. Республиканың су тасқыны қауіпті аймақтарға және су тасқыны салдарын жоюға көмек көрсету үшін Департамент 48 жеке құрам, 7 бірлік арнайы техника, 13 дана мотопомпа, 4 қайық және 14 күнге құрғақ азық-түлік қорымен қамтамасыз күштер мен құралдар топтамасы дайындалған.