Өткен жылу беру маусымында тұрғын үйлерде 61 өрт тіркелген болатын.
Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті тарапынан 2021-2022 жылғы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Өткен жылу беру маусымында тұрғын үйлерде 61 өрт тіркелген болатын. Бұл көрсеткіш 2019-2020 жылғы маусымға қарағанда 41 %-ға артып отыр.
Тұрмыстық газ құрылғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу нәтижесінде табиғи газдан уланудың 5 оқиғасы тіркеліп, салдарынан 4 адам қайтыс болған.
Өткен маусыммен салыстырғанда улану саны екі есеге (1,8 есе), қаза болғандар екі жарым есеге (2,75), жарақаттанғандар саны 33%-ға төмендеген.