Шымкентте тағы да өрт: 45 пәтерлі жатақхана өртенді

0
1 579

Жанып жатқан жатақханадан 35 адам қауіпсіз жерге көшілірді.


Шымкентте тағы да өрт: 45 пәтерлі жатақхана өртенді

Шымкент қаласында тағы да өрт шығып, 45 пәтерлі жатақхана жалынға оранды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Өрт туралы хабарлама бүгін 8 маусым күні сағат 05.39-да кеп түскен. Белгілі болғандай, өрт сөндірушілер бұрынғы қорғасын зауытының 45 пәтерлі жатақханасының шатыры жанып жатқанын анықтаған. Жатақхананың шатырының жалпы аумағы 702 шаршы метрді құрайтын.

Оқиға орнына жедел жеткен нөмірі екінші өрт сөндіру бригадасы сағат 06.14 те өртті ауыздықтап, таңғы 06.58-де тілсіз жау толық сөндірілген.

Шымкент қаласы Абай ауданына қарасты Водопьянов көшесіндегі жатақхананың 32 пәтерінде адамдар тұрған. Абырой болғанда зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Жанып жатқан жатақханадан 35 адам эвакуацияланды.

Өрттің жалпы аумағы 240 шаршы метрді құраған. Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің 10 арнайы техникасы мен 54 адам, полиция департаментінің жеке құрамынан 30 адам мен 13 арнайы техника өртті сөндіруге жұмылдырылған.