Алайда, әйел жанжалға таксисті кінәлап, боқтық сөздер айтып балағаттаған да жүргізуші екендігін айтып ақталған.
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
Таксиге ақша төлемей кеткен шымкенттік әйел ҚР ӘҚБК-нің 434 бабы бойынша кінәлі деп танылып, 12 625 теңге айыппұл төлейтін болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Шымкент қаласының тұрғыны Б.Бексейітова Халыққа қызмет көрсету орталығында ер адаммен жанжалдасып, боқауыз сөздер айтып, қоғамдық орында жұрттың мазасын алған. Сондай-ақ, 2019 жыл 3 мамыр күні сағат 15.00 шамасында болған оқиғаға байланысты сотта Б.Бексейітова кінәсін мойындамай, жанжалдың таксиге жетпіс теңгесін төлемей кеткендіктен туындағанын, егер таксидегі Ә.Оңғаров теңгені даулап ХҚКО-ға кірмегенде мұндай айқай шу орын алмайтынын және боқтық сөздер айтып балағаттаған да такси жүргізушісі екендігін айтып ақталған.
Алайда, Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен Б.Бексеитова ҚР ӘҚБК-нің 434-бабымен айыпты деп танылып, оған осы баппен бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде, барлығы 12 625 теңге айыппұл салынды.
«Іс апелляциялық тәртіппен қаралған. Шымкент қалалық сотының апелляциялық сот алқасының қаулысымен Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 01.07.2019 жылғы қаулысы күшінде қалады», - делінген Шымкент қалалық сотының шешімінде.