Шымкентте «Таза қала» акциясы қорытындыланды

0
1 035

"Таза қала" акциясына белсене қатысқан аудандар


Шымкентте «Таза қала» акциясы қорытындыланды

Шымкент қаласындағы жеке тұрғын үйлер мен серіктестіктердің аумағын көгалдандыру мен көріктендіруді мақсат еткен дәстүрлі «Таза қала» акциясы қорытындыланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған акцияға мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары, Шымкент қалалық мәслихатының депутаттары мен жоғары және орта арнаулы оқу орындарының басшылары мен студенттері, мектептер мен гимназиялардың директорлары мен қала тұрғындары қатысты.

«ТМД елдерінің мәдени астанасы болу Шымкент қаласына жаңа серпін береді. Біз келесі болатын мәдени астаналарға үлгі болуымыз қажет. Осы мақсатта "Таза қала" акциясының дәстүрлі түрде өтуін қамтамасыз ету керек», - дейді Шымкент қаласының әкімі Е.Айтаханов.

Сондай-ақ, қорытынды кеште Шымкент қаласының ішкі саясат және дін істері жөніндегі басқармасының тапсырысымен өткен "Таза қала" акциясына белсене қатысып, өзі тұратын аула мен көшенің тазалығы мен көркеюіне үлес қосқан Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандары марапатталды. Ал, "Үздік аудан" номинациясы – Еңбекші ауданына табысталды. Сонымен қатар, «Үздік аула», «Үздік көше», «Үздік аудан» номинациялары бойынша жеңімпаздар бағалы сыйлықтар және қала әкімінің дипломдарымен марапатталды.