Шымкентте тегін берілетін дәрі-дәрмекті сатқан қоймалар анықталды

0
995

Қоймадағы дәрі-дәрмектердің сақталуына ешқандай жағдай жасалмаған және сақталу талаптары өрескел бұзыылған.


Шымкентте тегін берілетін дәрі-дәрмекті сатқан қоймалар анықталды

Шымкент қаласында дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен заңсыз сатудың онға жуық жайты анықталды, – деп хабарлайды ERNUR.KZ polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Шымкент қаласының Полиция департаментімен қала аумағында карантин уақытында қажетті дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігін пайдаланып, жоғары сұранысқа ие болған респираторлық вирустық ауруларды емдеуге арналған дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен пайда табу үшін сатқан дәріхана қызметкерлері мен тұрғындарды анықтау мақсатында жедел-профилактикалық іс-шара жүргізілді.
Қабылданған шаралар нәтижесінде дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен заңсыз сатудың онға жуық жайты анықталды.
Жедел іс-шаралар барысында Әлімқұлов көшесі, бес үйдің ауласында үш қойма анықталды. Онда тексеру барысында полиция қызметкерлерімен шақырылған фармацевт мамандарға қойма иесі дәрі-дәрмектерді сатуға арналған арнайы лицензиясын көрсетті. Алайда бұл лицензия басқа ғимаратқа арналғаны туралы фармацевт мамандар баяндады. Аталған қоймаларда дәрі-дәрмектер заңсыз сақталған. Фармацевт мамандар қоймада анықталған дәрі-дәремкті үш топқа бөліп, әрбір дәрі-дәрмектің қайда қолданылатыны туралы түсінік берді.
  • Бірінші топ – Қазақстан Республикасының аумағында тіркелмеген және сатуға рұқсат берілмеген дәрі-дәрмектер. Олар “Конвулекс”, “Энцефобол”, “Алоэ экстракт инъекция үшін” және тағы басқалар.
  • Екінші топ – респираторлық вирустық ауруларды емдеуге арналған жоғары сұранысқа ие болған дәрі-дәрмектер. Олар “ЦЕФ 3”, “Цефтриаксон”, “Ингавирин”, “Гордокс”, “Дексаметазон” және тағы басқалар.
  • Үшінші топ – Қазақстан Республикасында медицинада тіркеуде тұрған азаматтарға тегін берілетін дәрі-дәрмектер. Олар “Депакин”, “Методжект” және тағы басқалар.
Сондай-ақ, қоймадағы дәрі-дәрмектердің сақталуына ешқандай жағдай жасалмаған және сақталу талаптарын өрескел бұзып тұрғанын анықтады. Яғни дәрі-дәрмектер емдеу қасиеттерін жоғалтып, адам өміріне қауіпті екенін түсіндірді. Бұдан басқа, қойманың бет жағында дәріхананы белгілейтін жарнамасы жоқ.
Фармацевт мамандарының қатысуымен барлық 229 дәрі-дәрмектердің түрлері айғақты зат ретінде алынды. Мысалы: 12. “ЦЕФ 3” – 130 қорап 13. “Ингавирин” – 80 қорап 14. “Дексаметазон” – төрт ампула 15. “Алоэ экстракт инъекция үшін” – 120 қорап 16. “Методжект” – 480 қорап 17. “Глюкоза” таблетка – 3120 тақтайша 18. “Глюкоза” бутыль – 27 19. Стекловидное тело – 2160 20. Парацетамол – 18 қорап 21. Ферсинол – 2160 22. Аскрупин – 2160
Барлық анықталған жайттар бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық баға берілетін болады.