Шымкентте коронавирус жұқтырғандар саны 239-ға жетті.
Шымкентте тағы 6 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Вирус жұқтырған 1973, 1965, 1991, 2001, 1984, 1964 жылы туған азаматтар. Оның ішінде бес ер азамат және бір әйел бар. Олар өзіне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
11.05.2020 жылғы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 239 адам анықталды.