Шымкентте тұрғындарға Президент жолдауының басым бағыттары түсіндірілді

0
829

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов іс-шараға қатысып, Президент Жолдауының басым бағыттарын атап берді.


Шымкентте тұрғындарға Президент жолдауының басым бағыттары түсіндірілді

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы «Сәуле» шағынауданының тұрғындарына Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау жиыны өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов іс-шараға қатысып, Президент Жолдауының басым бағыттарын атап берді. Сондай-ақ, жиынға ардагерлер, қалалық мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының басшылары, жастар, БАҚ өкілдері және тұрғындар қатысты.
Жиында №129 мектеп директоры Ғалымжан Алматов Жолдаудың негізгі бағыттары бойынша баяндама жасады. Оқу ордасының басшысы әлеуметтік салаға баса назар аударылып жатқанына жан-жақты тоқталып өтті. Сонымен қатар, аудандық арадагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Келесбай Жұмағұлов, «Сәуле» шағынауданының орам басқарушысы Тұрсынай Барлыбаева, шағынаудан тұрғыны Балтабай Нарбеков те Жолдауға ой қосты.
Қала әкімі Мемлекет басшысының Жолдауында өңірлік саясатты жетілдіру міндеттері белгіленгенін, ендігі кезекте бірлесе жұмыс атқару қажет екенін атап өтті.
Жолдауда экономикалық өсімді қамтамасыз ету, кәсіпкерлікті қолдау, өндеу өнеркәсібінің үлесін арттыру міндеттері межеленді. Ауылшаруашылығы саласындағы өзекті мәселелер белгіленіп, қоғамның барлық саласында цифрландыру процестерін жеделдету тапсырылды. Тұрғындардың өмір сапасын арттыру бірінші кезектегі міндет екені айқындалды. Бұл бағыттағы мемлекеттік саясат білім сапасын, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруды көздейді. Президент Жолдауы – стратегиялық құжат. Оны іске асыруға барлық мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар жұмылатын болады, – деді қала әкімі.