Ш.Қалдаяқов атындағы филармонияда ТҮРКСОЙ жастар камералық оркестріні концерт өткізді.
Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары Түркі кеңесінің 10 жылдығына орай ұсынылған ТҮРКСОЙ жастар камералық оркестрінің концертін тамалашады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы мен Шымкент қаласының әкімдігі бірлесіп ұйымдастырған концертте түркі халықтарының белгілі композиторларының шығармалары орындалды.
Атап айтсақ, Ш.Қалдаяқов атындағы филармонияда өткен кеште отандық және шетелдік өнерпаздар өнер көрсетіп, бүгінге дейін құрамында 10 елдің 100-ден астам талантты жастары өнер көрсеткен оркестр танымал композиторлардың шығармаларын ғана емес, жастардың да туындыларын көпшілікке ұсынды. Сондай-ақ, оркестр құрамындағы өнерпаз Біржан Мыңбаевтың «Илигай» тақырыбындағы әнді орындауы көптің көңілінен шығып, қошеметке ие болды және жастардың өнері тыңдармандарды ерекше тебірентті.
Сондай-ақ, кеш соңында жас өнерпаздарға қала әкімі Ерлан Айтахановтың ықылас гүлі сыйланып, «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымының Алматыдағы өкілі Асқар Тұрғанбаев Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Ырзақұлұлына аталған ұйымның Алғыс хатын табыс етті.
Айта кетейік, осының алдында «ТҮРКСОЙ» жастар камералық оркестрінің концерті Түркістан қаласынан бастау алғаны туралы хабарлаған болатынбыз.