Шымкентте ынтымақтастық меморандумына қол қойылды

0
644

Кездесу барысында қала әкімі ынтымақтастықты нығайтуға ниетті ЕҚДБ өкілдеріне алғысын білдірді.


Шымкентте ынтымақтастық меморандумына қол қойылды

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Еуропа қайта құру және даму банкінің Орталық Азия бойынша басқарушы директоры Харгитай Жужаннамен кездесу өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кездесуде Қазақстан Республикасының жасыл экономикаға көшу шеңберінде Шымкент қаласын дамыту, Қазақстанның «Жасыл қалалар» бағдарламасын енгізу және дамыту арқылы 2060 жылға қарай Париж келісімінің мақсаттарына және көміртегі бейтараптығына қол жеткізуі, ЕҚДБ-ның Қазақстандағы энергетика, көлік және коммуналдық инфрақұрылым және жасыл экономика саласындағы көрсеткіштері жайлы сөз қозғалды. Сондай-ақ, Шымкент қаласы мен ЕҚДБ арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі басымдықтары талқыланды.
ЕҚДБ тарапынан Шымкент қаласында шағын және орта бизнес өкілдеріне қолдау білдіру жұмыстарының жалғасы табылатындығы жеткізілді.
Кездесу барысында қала әкімі ынтымақтастықты нығайтуға ниетті ЕҚДБ өкілдеріне алғысын білдіріп, тараптар өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Айта кетейік, бүгінде қалада өнеркәсіп саласында 689 кәсіпорын белсенді жұмыс жасауда, оның 24 ірі және 49 орта кәсіпорындар. Онда 32 мыңнан астам адам жұмыс жасауда. Осы кәсіпорындармен осы жылдың үш айында 180,4 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 41,4 млрд. теңгеге немесе 12,7 пайызға артық. Бірінші тоқсанның нақты көлем индексі бойынша 112,7 пайызды құрайды. Бұл көрсеткіш бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Алматы облысынан кейін Шымкент қаласы төртінші орында. Ал, өнеркәсіп саласында үлесі 83 пайызды құрайтын өңдеу өнеркәсібінде 149,8 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 37,4 млрд. теңгеге немесе 12,9 пайызға өсті. Осылайша, нақты көлем индексі 112,9% жетті. Бұл көрсеткіш бойынша Шымкент қаласы 6 орында.