Жедел уәкілдер Түркістан облысының тұрғынынан екі дана кесілген шолақ мылтық пен гильзаны тауып тәркілеген.
Шымкент қаласында пәтерде заңсыз қару сақтаған төрт жігітті тәртіп сақшылары құрықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Полицейлер 2019 жылдың 9 ақпаны күні жедел-іздестіру шарасы барысында Шымкент қаласының пәтерлерінің бірінен қару сақтаған күдікті ретінде 4 жас жігітті ұстаған. Жедел уәкілдер Түркістан облысының тұрғынынан екі дана кесілген шолақ мылтық пен гильзаны тауып тәркілеген. Құрықталғандар полиция бөліміне жеткізілген. Қазір мән жай анықталып жатыр.
"Аталған дерек ҚР ҚК-нің 287-бабы «Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немес алып жүру» бойынша СДТБТ тіркеуге алынды. Сараптама тағайындалып, күдіктілер қамауға алынды.
Қазіргі таңда күдіктілердің қандай мақсатта өздерінде атыс қаруын сақтағандығы полицейлермен анықталуда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - деп мәлімдеді Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.