Сонымен қатар, ведомство басшысы Шымкент қаласының бюджеті күзде қаралатынын атап өтті.
фото: vlast.kz
ERNUR.KZ. ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Шымкент қаласының бюджеті республикалық қала маңызындағы деңгейге жеткізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Алдын ала есептеулер жасалды, қазіргі кезде бұл бағыттағы есеп-қисапты пысықтап жатырмыз. Әрбір министрлікте осы орайда тиісті жұмыстар атқарылуда, үлкен өзгерістер ескерілуде. Бұл ретте қазынашылықты да бөлу керек, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдары мен мемлекеттік мүлік пен аудит тұрғысында қажетті шаралар іске асырылады», - деді Б. Сұлтанов Парламент Мәжілісінде тілшілер сауалына жауап бере отырып.
Сонымен қатар, ведомство басшысы Шымкент қаласының бюджеті күзде қаралатынын атап өтті. «Менің ойымша, күзде бюджетті нақтылайтын боламыз. Осы орайда, облыс пен республикалық маңыздағы қала арасында бөлінетін қаржыны қарастырамыз. Шымкенттің бюджеті республикалық маңыздағы қаланың деңгейінде болады. Ондағы еңбекақы (мемлекеттік қызметшілерде) орталық органдар деңгейдегі көлемде көтеріледі», - деп атап өтті министр.