​Шымкентте жаңа жүгіру жолы қолданысқа берілді

0
763

Жоба халықтың қолжетімді және заманауи спорт инфрақұрылымына сұранысы негізінде жергілікті бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүзеге асырылды.


​Шымкентте жаңа жүгіру жолы қолданысқа берілді

ERNUR.KZ. Қалада спорт инфрақұрылымын дамыту жалғасуда.

Қазіргі таңда қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің басшылығымен азаматтардың салауатты өмір салтын ұстануына, спортпен жүйелі айналысуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған бірқатар жобалар жүзеге асырылып келеді.


Мегаполис басшысының тапсырмасы бойынша Нұрсәт шағынауданындағы саябаққа 830 метрден асатын жаңа жүгіру жолы төселді. Арнайы резеңке жабын белсенді өмір салтын ұстанатын тұрғындар үшін жайлы әрі қауіпсіз.

Жоба халықтың қолжетімді және заманауи спорт инфрақұрылымына сұранысы негізінде жергілікті бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүзеге асырылды. Аудан тұрғындарының саябақта серуендеп қана қоймай, салауатты өмір салтына сай таңертең және кешке жүгіруіне де мүмкіндік жасалды.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында бұқаралық спортты дамытуға тапсырма берген болатын. 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар жасаудың маңыздылығына тоқталған еді.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- «Өскелең ұрпақтың спорттық және шығармашылық әлеуетіне аса назар аудару қажет. Қаржы тапшылығы жағдайында кәсіби спорт клубтарын толығымен мемлекет есебінен ұстаудың мағынасы жоқ. Мемлекет пен квазимемлекеттік компаниялардың бюджетінен миллиардтаған теңге тиімді жұмсалмайды. Бұқаралық спортқа, дене шынықтыруға және, әрине, балаларға басымдық беру керек».


Айтк кету керек, Шымкент қаласы әкімдігінің бастамалары спорт инфрақұрылымын дамыту арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыруда қолайлы жағдай жасауға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.