Көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары тазартылып, қоқыс алаңшалары дезинфекцияланды.
Шымкент қаласындағы барлық ауданда жаппай тазалық жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Мәселен Қаратау ауданындағы бүгінгі тазалық жұмыстарына «Жасыл Жер» мердігерінің 120 қызметкері мен 44 техникасы жұмылдырылған. Олар Тұран шағын ауданын, Ш. Көшеров көшесін, Бозарық, Достық, Ақбосаға шағын аудандарын, Нұрсат аллеясын қоқыстан тазартты.
Сонымен қоса, Еңбекші ауданында көше тазалау жұмыстары жүргізілуде. Оған 435 жұмысшы, 65 техника жұмылдырылды. Орталық және ішкі орам көшелері, көп қабатты тұрғын үйлердің аулалары, және 3 тұрғын алап қоқыстар тазартылып, қоқыс алаңшалары дезинфекцияланды.
Сонымен қатар, Абай ауданында бүгін таңғы сағат 6-дан бастап тазалық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тазалық жұмыстары барысында аудандағы негізгі орталық көшелердің бойындағы аяқжолдар мен ирригациялық жүйелер қоқыстан тазартылды. Оған 96 жұмысшы, 59 арнайы техника жұмылдырылған.