Шымкентте жастардың діни танымдығын арттыру мақсатында кездесу өткізілді

0
661

Кездесуге Оңтүстік Қазақстан медициналық колледжінің студенттері қатысты.


Шымкентте жастардың діни танымдығын арттыру мақсатында кездесу өткізілді

Шымкент қаласындағы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастардың діни танымдығын арттыру мақсатында кездесу өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталмыш іс-шараның мақсаты - студенттерге экстремизм, терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру, жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу және жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін ұғындыру.

Кездесуге Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Уәлихан Самат Шоқанұлы, және Оңтүстік Қазақстан медициналық колледжінің студенттері қатысты.

Кездесу барысында «Жастар арасында ұлтаралық татулық»,

«Жастар арасындағы кереғар діни ағымдардың алдын алу» осы аталған тақырып бойынша түсіндерме жұмыстары жүргізіліп, студенттер тарапынан сұрақтар қойылып толыққанды жауап алды.

Сонымен қоса, Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жастар арасында нашақорлықтың алдын алу бағытында кездесу өтті. Кездесуге Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция подполковнигі Сембаев Нұрлан және «Парасат» колледжінің студенттері қатысты.

Аталмыш шарада жастар арасындағы нашақорлықтың әлеуметтік алдын алудың өзекті теориялық және қолданбалы мәселелері қарастырылды. Қазақстан жастарының өмір сүру салты, еліміздегі нашақорлық деңгейі, статистикалық көрсеткіштері талқыланды. Сонымен қатар, бұл жұмыста нашақорлық және жасөспірімдер қылмысы проблемасы, кәмелетке толмағандардың есірткіге құмарлығын қалыптастыруға ықпал ететін факторлар жайлы айтылды.