Аталған шара Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен болған.
фото: Әл-Фараби ауданы әкімінің facebook-тағы ресми парақшасы
ERNUR.KZ. Шымкент қаласы І.Жансүгіров көшесі бойындағы жұмыссыз азаматтарға бос жұмыс орындары ұсынылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Әл-Фараби ауданы әкімінің facebook желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап.
«Іс-шара барысында көше бойындағы жұмыссыз азаматтарға бос жұмыс орындары және «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді», - делінген Әл-Фараби ауданы әкімінің әлеуметтік желідегі хабарламасында.
Жұмыспен қамту орталығының мамандарымен бірлесе жасалған шара Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен, Әл-Фараби ауданы аумағында орналасқан І.Жансүгіров көшесі бойында жүргізіліп өткен.