Шымкентте жыл басынан бері 7 адам газдан уланып қайтыс болған

0
907

Улану фактіcі бойынша Абай ауданында - 3, Қаратауда – 2, Әл-Фараби ауданында – 2 адам қайтыс болған.


Шымкентте жыл басынан бері 7 адам газдан уланып қайтыс болған

Тұрмыстық газ құрылғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу нәтижесінде табиғи газдан 7 адам уланып қайтыс болған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Улану фактіcі бойынша Абай ауданында - 3, Қаратауда – 2, Әл-Фараби ауданында – 2 адам қайтыс болған.

Жылу беру маусымында адамдардың улы газбен уланудан қайтыс болу және жарақат алуының алдын алу мақсатында жыл сайын жылу беру маусымының алдында 15 тамыз пен 15 қыркүйек аралығында Шымкент қаласында өрт қауіпсіздік айлығы өтеді. Қазіргі таңда айлықтын 2-ші кезеңі өтуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты - жылу беру маусымында адамдардың қайтыс болуы мен жарақаттануын алдын алу. Қазіргі таңда тұрғын жайларды аралау мен жиындар, жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлескен рейдтер күшейтіліп өткізілуде. Газ қызметтерінің жұмысшыларымен бірлескен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, пештер мен жылыту құрылғылары тексерілуде.

Жалпы тұрғын секторында 74 821 жиын, аула аралау және рейд өткізіліп,326812 адам қамтылды. Оның ішінде аз қамтылған отбасылар – 211,565 адамды қамтылған, әлеуметтік тұрғыдан осал отбасылар – 1025, көпбалал отбасылар – 37652 адам қамтылған.

Рейдтік іс-шаралар барысында ақауы бар жылыту құралдарын, электр қондырғыларын пайдалануына жол бермеуге ерекше назар аударылады. Халықтың осал топтарының тұрғылықты жері бойынша (1 топтағы мүгедектер, ҰОС қатысушылары, жалғыз тұратын зейнеткерлер), тұрмысы нашар және көп балалы отбасыларының мекенжайы бойынша өртке қарсы насихат жүргізіледі. Осы бағыттағы жұмыс тұрақты бақылауда тұр.