Шымкентте жыл соңына дейін 14 жоба іске қосылады

0
660

Қазіргі таңда 7 жоба іске қосылып, 222 жаңа жұмыс орны ашылды.


Шымкентте жыл соңына дейін 14 жоба іске қосылады

Шымкент қаласында дағдарысқа қарсы іс-шара аясында және өндірісті дамыту үшін 37,5 млрд.теңгеге 21 жоба іске асырылып, 802 жұмыс орнын құру жоспарланған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазіргі таңда осы бағдарлама шеңберінде 6,3 млрд.теңгеге 7 жоба іске қосылып, 222 жаңа жұмыс орны құрылды. Жыл соңына дейін 14 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл өз кезегінде қалада өндіріс қуатын арттыруға өз үлесін тигізеді.

Бұл туралы ҚР Үкіметінің онлайн өткен мәжілісіне Премьер-Министрі А.Маминге қала әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен дағдарысқа қарсы атқарылған іс-шаралар жөнінде баяндады.
- Карантинге байланысты қаладағы қоғамдық көліктердің қатынау кестелері шектеліп, жолаушылар айналымы өткен жылдың осы кезеңінен 37,2% төмендеді. Шектеулерге қарамай жүк айналым тоқтаған жоқ 98,4% болып отыр. Ал байланыс қызметі 97,1% жетті, -деді қала әкімі.
Мұрат Дүйсенбекұлы Үкімет басшысына қаладағы әлеуметтік-экономикалық жағдай тұрақты бақылауда екенін баяндап, жыл қорытындысымен жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізетінін мәлімдеді.
Шаһарда осы жылдың 9 айында өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда инфляция деңгейі 105,7% болған. Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар 11 азық-түлік тауарларының бағасын өсірмеу үшін тұрақтандыру қорынан 2,2 млрд. теңге қаралған.