Шымкенттегі 339 көп қабатты тұрғын үй жылу маусымына дайын

0
1 382

Аталған жұмыстарды «Қуатжылуорталық-3» мемлекеттік кәсіпорны іске асыруда


Шымкенттегі 339 көп қабатты тұрғын үй жылу маусымына дайын

фото: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ERNUR.KZ. Шымкент қаласындағы 339 көп қабатты тұрғын үй жылу маусымына дайын, деп хабарлайды ERNUR.KZ Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл жөнінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Нұрсадық Ергешбек мәлім етті. Бұл көрсеткіш қала аумағындағы көп қабатты тұрғын үйлердің жалпы санының 18 пайызын құрайды (1848). Бюджеттік ұйымдарға келетін болсақ, 364 нысанның 146-сы, яғни, 40% -ы жылумен қамтамасыз етуге дайын.

Мамандардың айтуынша, жұмыстар жоспарланған уақытта аяқталады.

«Алдағы жылу маусымына дайындық жұмыстары толық деңгейде кестеге сәйкес жүріп жатыр. Өткен жылу маусымынан кейін негізгі және ішкі орамдық жылу жүйелеріне қысымдау жұмыстары жүргізілді. Жылумен қамту желілерінде 163 ақау анықталып, бүгінгі күнге дейін оның 49-ы қалпына келтірілді», - дейді қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрлан Бектұрсынов.

Аталған жұмыстарды «Қуатжылуорталық-3» мемлекеттік кәсіпорны іске асыруда.