Шымкенттегі әуежай құрылысы қарқынды жүруде

0
1 219

Құрылыс жұмыстарын аяқтау 2020 жылдың соңына жоспарланған.


Шымкенттегі әуежай құрылысы қарқынды жүруде

Шымкенттегі әуежай құрылысы қарқынды жүруде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Әуежайдың жаңа терминалының бүгінде іргетасы қаланып, топырақты тегістеу, сейсмикалық плита орнату жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ ғимараттың қаңқасы мен бағаналарын орнату жұмыстары жүргізілуде. Жаңа жолаушылар терминалының ауданы - 35 000 шаршы метр, өткізу қабілеті сағатына 2 000 жолаушы, телескопиялық 4 трап. Құрылыс жұмыстарын аяқтау
2020 жылдың соңына жоспарланған.
Сонымен қатар, жобада 495 автокөлік сыйымдылығы бар көлік тұрағын абаттандыру жұмыстары қаралған.