Шымкенттегі аз қамтылған отбасыларға азық-түлік тарту етілді

0
662

Бас аяғы 265 адамға күнделікті қажетті азық-түлік молынан үлестірілді.


Шымкенттегі аз қамтылған отбасыларға азық-түлік тарту етілді

Шымкенттегі аз қамтылған отбасыларға азық-түлік тарту етілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл игі істі Азия мұсылмандары комитетінің Қазақстан Республикасындағы өкілдігі қолға алған. Қайырымдылық шара Күвейттің шейхі марқұм Сабах Аль Ахмаддың құрметіне арналды.

Өмірін игілікті іске арнаған шейх Сабах Аль Ахмаддың рухынада арналып сауапты іс жалғасуда. Бұл жолы Шымкенттегі «Грамад» супермаркеті алдында халық көп жиналды. Мүмкінді шектеулі жандармен көмекке мұқтаж отбасылар бір марқайып қалды. Бас аяғы 265 адамға күнделікті қажетті азық-түлік молынан үлестірілді. Азия мұсылмандары комитетінің Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің бүл алғашқы игі жобасы емес. 1992-ші жылдан бері еліміздегі қайырымдылық шараларына мұрындық болып келеді. Ал Ораза айымен, Құрбан айт мейрамдарында жомарттық молынан болады.

Азық түлік қорабында бір қап ұн, макорон өнімдері жарма күріш бар. Сонымен қатар тұз, қан, шай, құрғақ сүтте азық-түлік себеті қатарында. Балаларға арнап дәмі тіл үйіретін тәтті халвада салыныпты. Көмек алған шымкенттіктер жомарт жандарға алғыс жаудырды.

Азия мұсылмандары комитетінің әсіресе жетімдерге жартылай жетімдерге жәрдеміерекше. Қаладағы жетімдер үйіне жыл сайын көмек беруді дәстүрге айналдырған. Сонымен қатар жеке тұрғын үйлергеде құдық қазып беріп,ауыз суға зәру ауылдарға скважина орнатып сауап жинауда. Балалардың діни сауатын ашу мақсатында мегаполисте бірнеше медресе соққан.