Шымкенттегі екі деңгейлі жолайырық құрылысы жыл соңында аяқталады

0
641

Жолайрықтың құрылысы 2020 жылдың мамыр айында басталған.


Шымкенттегі екі деңгейлі жолайырық құрылысы жыл соңында аяқталады

Шымкент қаласының әкімі Бәйдібек би даңғылы мен Арғынбеков көшесінің қиылысындағы жолайрықтың құрылыс жұмыстарының барысын тексерді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бәйдібек би даңғылы мен Арғынбеков көшесінің қиылысындағы 3 деңгейлі жолайрық құрылысы 2022-2023 жылдар аралығында қаланың көлік қозғалысын реттеудің кешенді жоспарына сәйкес жүзеге асуда. Нәтижесінде аталған көшелердің көлік өткізгіштік деңгейі екі есеге артпақ. Жолайрықтың техникалық сипатына орай Бәйдібек би даңғылында 700 метр, Арғынбеков көшесінде 921 метр көше аралығы құрылыс аумағына енген. Жоба бойынша ені 80 метрлі төрт-алты жолақты автомагистраль салынып, жол жиегіне жаяу жүргіншілер және веложол төселмек. Қазіргі уақытта аталмыш құрылыс нысанында Арғынбеков көшесі бойымен тіреу қабырғаларын орнату жұмыстары жүргізілуде. Ал Бәйдібек би даңғылында көпір өткелі конструкциялары орнатылуда.

Сонымен қоса, 2022 жылдың соңында аяқталатын Қонаев көшесі мен Рысқұлов көшесінің қиылысындағы жолайрық құрылысы кестеге сай жүруде.

Былтыр, көлік кептелісін азайту мақсатында, жолайырық құрылысы толық аяқталмай техникалық тұрғыда көлік қозғалысына ашылғанын еске саламыз.

Қазір аяқжолдар салу жұмыстары, жер асты өткелін әрлеу және абаттандыру жұмыстары жүруде.

Шымкент қаласы әкімі құрылыс алаңына арнайы барып, жұмыс барысын бақылады.

Жоғарыда айтылғандай, екі деңгейлі жолайрықтың құрылысы 2020 жылдың мамыр айында басталып, 2022 жылдың аяғына дейін аяқтау жоспарланған.

Жолайрықтың техникалық сипатына сай Д.Қонаев көшесінде 1030 метр, Рысқұлов көшесінде 684,7 метр көше аралығы құрылыс аумағына енген, ені 42 метр, төрт-алты жолақты.

Қала әкімі Абай ауданы Игілік тұрғын алабындағы жоспарланған орташа жөндеу жұмыстарын да тексерді.

Мұнда бірқатар көшелерге биыл асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, Сергелі, Шеңгелді, Беріктас, Бабата, Атауы жоқ 32,33,34,35 көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Игілік тұрғын алабында жалпы 6,8 шақырым жолға асфальтбетон қабатын төсеу жұмыстары көзделген. Бүгінгі таңда жұмыстар аяқталуға жақын.

Айта кетейік, биыл бекітілген жоспарға сәйкес, қаламыздың магистралды көшелерінен бөлек ішкі орам көшелерге көбірек көңіл бөлінуде.