Шымкенттегі “Фосфоршылар сарайы” тарихи нақышта қайта жаңарады

0
731


Шымкенттегі “Фосфоршылар сарайы” тарихи нақышта қайта жаңарады

Кеңес дәуірінің сәулет өнерінің туындысы болғанына қарамастан, жеке меншікке өтіп кеткен мәдениет ордасы ұзақ жылдар бойы қараусыз қалған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Материалдары талан-тараж болып, ғимарат конструкциясына орасан зақым келтірілген. 2023 жылдың қараша айында коммуналдық меншікке өткеннен кейін сарапшылар сарайдың жай-күйін зерделей келе, нысанды қалпына келтіру мүмкін еместігіне көз жеткізді. Сондықтан 1975 жылы салынған Мәдениет сарайының ғимаратын бұзу туралы шешім қабылданды.

Қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы мен Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері бірігіп, «Фосфоршылар сарайының» ғимаратына қатысты қабылданған шешім бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Ескі ғимараттың орнына нысанның тарихи келбеті сақталып, заманауи мәдениет сарайы салынады. Құрылысымен «Сәби» қайырымдылық қоры айналысатын болады. Бұл жұмыстарды күзде бастау жоспарлануда. Қордың тапсырысы бойынша мәдениет сарайының дизайн-жобасы әзірленді.
Ғимарат көркем ромб пішінде, ою-өрнектермен көмкеріліп, тарихи, заманауи нақыштардың эстетикалық үйлесімімен бой көтереді. Мәдениет сарайында өнер, кәсіп дағдыларына бағытталған үйірмелер іске қосылады.
Қала көркін арттырып, тұрғындарға пайдалы қызмет көрсетітетін орталық аумағы абаттандырылып, сарайдың маңына жасыл желек отырғызылады. Жобада субұрқақтар мен аллеялар, балалар және спорт алаңдары қарастырылған.

Еске салсақ, ғимарат 2024 жылдың сәуір айында "KazBuildExpert" ЖШС-інің сарапшы мамандары сарайдың қазіргі жай-күйін, сенімділігі мен беріктігін тексеруге техникалық зерттеу жасады.

Шымкенттегі "Фосфоршылар" мәдениет сарайының ғимараты 1975 жылы тұрғызылған. Өкінішке орай, кеңестік кезеңдегі сәулет өнерінің осы бір туындысы иесінің болғанына қарамастан, ұзақ жылдар бойы қараусыз қалды. Алдымен, ондағы құнды заттың барлығы тоналды. Одан кейін сарайға металл ұрылары қол сұқты. Олар бетондарды қиратып, арасындағы арматураларды кесіп алып, ғимараттың конструкциясына орасан зор зиянын тигізген.