Нысанның құрылысына 60 жұмысшы, 5 техника жұмылдырылған.
Шымкенттегі «Металлург» стадионын жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Біраздан бері жоспарда жүрген қайта қалпына келтіру «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында өткен жылдың наурыз айында қолға алынған.
Мердігер мекеме - «Югстройсервис-Н» ЖШС-ы. Қазіргі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша спортшылар үйінде қабат аралық жабын – 50%, 1504 орынға арналған трибуна металлды құрылым монтаждау – 80%, шағал тас төсеу – 90%, спортзал жер жұмыстары – 40 пайызға орындалды.
Нысанның құрылысына 60 жұмысшы, 5 техника жұмылдырылған. Құрылыс жұмыстарын жыл соңына дейін тапсыру жоспарлануда.
Айта өтсек, спорт кешені өткен ғасырдың 70-ші жылдары салынған және 2017 жылы әкімдік балансына өткен.