​Шымкенттегі сыра зауытынан өрт шықты

0
1 407

Бүгін Шымкенттегі сыра зауытынан өрт шықты.


​Шымкенттегі сыра зауытынан өрт шықты

ERNUR.KZ. Бүгін Шымкенттегі сыра зауытынан өрт шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап.

Жалын зауыттың ескі ағаштар тұрған қоймасында тұтанған. Еліміздің ТЖ Комитетінің мәліметінше, тілсіз жауды ауыздықтауға 56 өрт сөндіруші мен 9 техника жұмылдырылған.

«Өрт күндізгі сағат 14.35-те «Шымкент сыра» зауытында шыққан. Жалын 5 шаршы метр аумақтағы ағаштар мен май сақталған 5 ыдыс тұрған жерден шыққан. Өрт шамамен 15.05-те ауыздықталды. Өрт сөндіру шаралары әлі де жалғасуда. Өрттен зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ» делінген ресми хабарламада.