Шымкентте коронавирустан 23 адам емеліп шықты

0
2 363

Өткен тәулікте 5 адамнан covid-19 анықталды.


Шымкентте коронавирустан 23 адам емеліп шықты

Өткен тәулікте 5 адамнан covid-19 инфекциясы анықталса, 23 науқас емделіп шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2020 жылдың 24 наурызынан 8 ақпанға дейінгі аралықта қала бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 5930-ге жетті.

Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 39 адам ем қабылдап жатыр.

Сондай-ақ, коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 1 адам дертке шалдыққан. Жалпы жыл басынан бері 1420 адамға пневмония диагнозы қойылған, 5432 адам емделіп шықты.


Айта кетейік, бүгінде Шымкент қаласы «жасыл» аймақта тұр. Десе де бұл індеттің қаупі сейілген жоқ. Осы ретте медицина мамандары қала тұрғындарына карантиндік шараларды сақтауға, бетперде тағуға және әлеуметтік арақашықтықты сақтап, адамдар көп жүретін қоғамдық жерлерге бармауға шақырады.