Шымкенттен Мақтааралға авариялық-құтқару қызметі үшін 30 арнайы техника жіберілді

0
1 477

Бүгін Шымкент қаласынан 30-ға жуық техника жіберілді.


Шымкенттен Мақтааралға авариялық-құтқару қызметі үшін 30 арнайы техника жіберілді

«Шымкенттен Мақтааралға көмек» акциясымен Мақтаарал ауданына 30-ға жуық техника жіберілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Мақтаарал ауданында төтенше жағдайын орын алған күні Шымкент қаласынан 11 техника көмекке жіберілген болатын.

Қала әкімдігі зардап шеккен аудан тұрғындарына қандай көмек қажет екендігін жиі сұрап, аудан әкімдігімен тығыз байланыс орнатқан.

Мақтаарал аудан әкімінің айуынша, қазір азық-түлік қоры жеткілікті. Бұл тұрғыда ешқандай мәселе жоқ. Сондықтан, Шымкент қаласы Мақтаарал ауданына жақын орыналасқандықтан су тоқтату жұмыстарына қажетті техникаларды жіберуді сұраған.

Бүгін Шымкент қаласынан 30-ға жуық техника жіберілді.

«Мақтаарал ауданында төтенше жағдай орын алғандығын ести салып, 11 техника жіберген болатынбыз. Біз аудан әкімімен жиі телефон арқылы сөйлесіп, аса қажетті көмек түрлерін іліп отырмыз. Қазір ондағы елді мекендерді су басуды тоқтату үшін тағы да арнайы техникалар жіберіп отырмыз. Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен құрылыс компаниялардың техникаларын жібердік»,- деді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Алмасбек Мамытбеков.

Кеше Мақтаарал ауданында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін Шымкент қаласы ТЖ департаментінің "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" мемлекеттік мекемесінің жеке құрамынан 12 адам және 4 техника, 2 су құралы, 4 мотопомпа, сондай-ақ аталған мекемеге тиесілі Шардара қаласында орналасқан жедел-құтқару жасағының 5 қызметкері мен 1 техникасы, 2 су құралы тез арада көмекке аттанған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Мақтаарал ауданының су басқан елдімекендерінен 2 мамырдан бастап 31606 адам эвакуацияланған. 4 мамыр күнгі ақпарат бойынша Жаңа-Тұрмыс (46 үй), Жеңіс (130 үй), Фирдоуси (250 үй), Өргебас (194 үй), Достық (11 үй) елдімекендерінен жалпы саны 631 үй су астында қалды.
2 мамыр үшін Атакент елдімекенінде 24 эвакуациялық бөлім құрылып, жұмыс жүргізуде