Шымкенттік 400 отбасыға азық-түлік таратылды

0
959

Шара шеңберінде "Nur Otan" партиясының белсенді мүшесі, «Ордабасы» индустриалды аймағының директоры Рысбек Бертаев азық-түлік таратты.


Шымкенттік 400 отбасыға азық-түлік таратылды

Шымкентте көмекке мұқтаж 400 отбасыға азық-түлік таратылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Рамазан айында халықтың аз қамтамасыз етілген топтарын қолдау мақсатында «Біз біргеміз» республикалық акциясы аясында қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Шара шеңберінде "Nur Otan" партиясының белсенді мүшесі, «Ордабасы» индустриалды аймағының директоры Рысбек Бертаев Шымкенттегі 400 мұқтаж отбасыға азық-түлік жиынтықтарымен көмек көрсетті.

"Nur Оtan" партиясы белсенділері, «Jas Otan» жастар қанатының жастары мен еріктілер көмекті дер кезінде сақтану шараларын ұстана отырып, «байланыссыз» тәсілмен жеткізіп берді.