Тергеу барысында ұсталған күдіктінің алаяқтықтың басқа да жайтына қатысы бар екендігін анықтауда.
иллюстрациялық фото: zannews.kz
ERNUR.KZ.Шымкент қаласында алаяқтықпен айналысқан азаматша ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Түркістан облыстық ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атап өтсек, Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ-нің кезекші бөліміне бір тұрғын арызданған, онда таныс адамы Астана қаласынан бірнеше пәтер алып беремін деп, ақшасын иемденіп, уәдесін орындамай кеткені туралы жазып көрсеткен.
Осы оқиғаға байланысты, Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ-нің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шарасы барысында күдікті азаматшаны ұстады. Полиция қызметкерлерінің анықтағанындай күдікті азаматша қаладағы сауда үйлердің бірінің алдында Астана қаласынан бірнеше пәтер алып беремін деп, сеніміне кіру арқылы алаяқтық жолмен, 1 350 000 теңге ақшасын иемденіп кеткенін анықтаған.
Сонымен қатар, тергеу барысында ұсталған күдіктінің алаяқтықтың басқа да жайтына қатысы бар екендігін анықтауда. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің «Алаяқтық» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.