Түрікменстан азаматы ауыр халде Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханаға жедел жәрдем көлігімен жеткізілді.
Жарақаты мен денсаулық жағдайына қарай дәрігерлер 27 жастағы науқасқа бірнеше операция жасады.
Алдымен науқастың бауыры жыртылуынан ішінен қан кетуін тоқтататын ота жасалды. Бауыр қызметі жақсарғаннан кейін ортопедиялық ота жасалып, аяқ сүйегінің сынғанына байланысты фиксация қойылды.