Шымкенттік ерлі-зайыптыны өз үйлерінде өлтіріп кеткендер іздестіріліп жатыр

0
1 083

Ақпанның бесінен алтысына қараған түні Шымкент қаласы, А.Байтұрсынов көшесіндегі үйлердің бірінде ерлі-зайыптының мәйіті табылған.


Шымкенттік ерлі-зайыптыны өз үйлерінде өлтіріп кеткендер іздестіріліп жатыр

Шымкентте ақпанның бесінен алтысына қар­аған түні белгісіз біреулер ерлі-зайыпты­ны өз үйінде өлтіріп кеткен, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Көршілерінің айтуынша, қылмыстық оқиға орын алған күні үйде ата-әжесіне қонаққа келген жасы кәмелетке толмаған немересі болған көрінеді. Белг­ісіз біреулер алдымен үй қожайынына оқ атқан екен. Бірақ оқ дыбы­сын естігендер болма­пты. Одан кейін үй иесін пышақтап тастағ­ан көрінеді. Жәбірле­нушінің зайыбын да суық қарумен жанды же­рінен жарақаттапты. Алған ауыр дене жара­қаттарынан жұбайлар оқиға орнында қайтыс болған. Аталған жәйт ҚР ҚК нің 99 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Ерлі-зай­ыптының өліміне қаты­сты ҚР ҚК НІҢ 99 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тәжіриб­елі полицейлерден жас­ақталған жедел тергеу тобы қылмыстық істі тергеп бастады. Қа­жетті арнайы сарапта­малар тағайындалды. Күдіктілерді анықтау және құрықтау бағыт­ында Шымкент қалалық полиция департамент­інің құрылымдары жұм­ылдырылған. Тергеу прокуроры тағайындалд­ы. Тергеу барысын қа­дағалауда. Басқа ақп­арат тергеу жұмыстар­ына байланысты жария етілмейді",-деп мәлі­мдеді Шымкент қалалық полиция департамен­тінің баспасөз қызме­ті.