Шымкенттік кәсіпкер екі жылдан бері 13 адамның еңбекақысын бермей келген

0
1 106

Кәсіпкердің жұмысшыларға берешегі 5 миллионға жуық қаржыны құрайды.


Шымкенттік кәсіпкер екі жылдан бері 13 адамның еңбекақысын бермей келген

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Екі жыл бойы жалақы ала алмай, төзімі таусылған шымкенттік жұмысшылар сотқа жүгініп, заңды жалақысын үстемақысымен қоса өндіріп алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Шымкент қаласында Р.Е. есімді жеке кәсіпкер 13 адамға 2 жыл бойы жалақысын төлемей жүргендіктен, жұмысшылар Еңбекші аудандық сотына талап арыз берген және екі жылдан бері елдің еңбекақысын бермей жүрген азаматтан тағы 1 628 635,30 теңге өндіру туралы өтінген.

Нәтижесінде, Еңбекші аудандық сотында азаматтық істі қарау барысында жауапкер Р.Е. 13 азаматты еңбек келісім шартымен жұмысқа қабылдап, бірақ өзіне жұмыс беруші ретінде алған міндеттемелерді орындамағаны және 2016-2017 жылдар аралығындағы жалақы берешегі 4 891 979 теңгені құрағаны анықталған.

Сонымен қатар, кәсіпкер ісіне 2018 жылы салық органдары тексеру жүргізіп, арнайы шара да қолданғаны белгілі болып отыр. Нақтырақ айтқанда, ОҚО (қазіргі Түркістан облысы) салық инспекциясының 2018 жылдың 22 мамыр күнгі тексеру қорытындысы бойынша 2018 жылдың 15 маусымына дейін қарыз ақшаны төлеп, орын алған кемшілікті жою жөніндегі акт түзілген, алайда, кәсіпкер осы уақытқа дейін қарыз ақшаны төлемей, азаматтарды сотқа жүгінуге мәжбүрлеген.

Еңбекші аудандық сотының шешімімен жеке кәсіпкержұмысшылардың құқығын қалпына келтіріп, жылдап жете алмаған жалақысын өсімімен төлеуге міндеттелді.

«Сот, Қазақстан Республикасы АПК-тің 223, 224, 225, 226, 229 баптарын басшылыққа алып, 13 азаматтың пайдасына 4 891 979 (төрт миллион сегізжүз тоқсан бір мың тоғыз жүз жетпіс тоғыз) теңге жалақыжәне 1 628 635 (бір миллион алтыжүз жиырма сегіз мың алты жүз отыз бес мың теңге) теңге айыппұл өсімінөндіреді. Сот актісі күшіне енген», - делінген Шымкент қалалық сотының хабарламасында.