Шымкенттік келіншек қызын емдету үшін есірткі сатуға мәжбүр болған

0
1 516

Алайда ол тауарды жеткізу жолында құқық қорғау қызметкерлеріне ұсталып, 15 жылға сотталып кете барады.


Шымкенттік келіншек қызын емдету үшін есірткі сатуға мәжбүр болған

иллюстрациялық фото: vestiternovki.com.ua

31 жастағы Шымкент өңірінің тұрғыны қызын емдету үшін есірткі сатуға мәжбүр болған, деп жазады nur.kz.

Бота есімді келіншектің алғашқы сәбиі сал болып туылған. Баласын еліміздегі ірі қалаларға емдеткенімен нәтиже шықпай, шетел мамандарының көмегіне жүгіну қажеттілігі туындайды. Ақшаны қайдан аларын білмеген Бота біреулердің 40 грамм героинін тасып беруге келіседі.

Алайда ол тауарды жеткізу жолында құқық қорғау қызметкерлеріне ұсталып, 15 жылға сотталып кете барады.

"Өзім Сарыағаш өңірінің тумасымын. Көпбалалы отбасынан шыққанмын. Күйеуім қарапайым құрылысшы. Бірінші қызым Сезім науқас болып туылып, соның емі үшін героин тасымалдауға келістім. Және алғашқы жолы полицияға ұсталдым. Мен 15 жыл түрмеге тоғытады деп ойламадым.

Менің ұсталғаным жайлы жақындарым теледидардан көрген. Күйеуім де бір жылға жуық кешіре алмай жүрді. Екінші қызым Әминаны түрмеде дүниеге алып келдім. Мені қазір күйеуім мен екі қызым күтіп жүр. Маған екі айда бір келіп тұрады. Қазір бес жылымды өтеп біттім. Балаларымның жанына жетуге асығамын. Мерзімінен бұрын шығарады ма деген үмітім де бар", - деді жан сырын ақтарған Бота.