Апаттың салдарынан жапа шеккен халықты құтқаруға мегаполистік құтқарушыларда жедел оқиға орнына жетті.
Шымкенттік құтқарушылар да Мақтаарал ауданында орын алған төтенше жағдай кезінде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысы Мақтаарал ауданына көмекке аттанған Шымкент қаласы ТЖД жеке құрамы ТЖ орын алған сәтте су басқан елді мекендерде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізген.
Шымкент қаласының ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жеке құрамынан 12 адам және 2 техника, сондай-ақ аталған мекемеге тиесілі Шардара қаласында орналасқан жедел-құтқару жасағының 5 қызметкері мен 1 техникасы тез арада көмекке аттанды.
Құтқарушылар Жеңіс ауылынан 4 адамды және 17 ірі қара, 1 ұсақ малды қауіпсіз аймаққа көшірді. Сондай-ақ , бір қатар елді мекендерде Түркістан облысы ТЖ департаменті басшыларының нұсқау бойынша судың деңгейіне мониторинг жасап, бақылау жұмыстарына жұмылдырылды.