Шымкенттік оқушылар интернет платформаларда білім алу бойынша бірінші орында

0
1 997

Республика көлемінде интернет платформаларда білім алу бойынша мегаполис мұғалімдері 2 орында келеді.


Шымкенттік оқушылар интернет платформаларда білім алу бойынша бірінші орында

Шымкент қаласында жалпы 213 білім беру ұйымдары толығымен қашықтықтан оқыту форматына көшті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласында бүгінде білім беретін жалпы мектептер саны– 172 болса, оқушылар саны –222 037.

Ал барлық 30 колледжде 26 308 студент бар. ЖОО саны– 10 болса, 106 723 студент қашықтықтан білім алуда.

Өздеріңізге мәлім, 2020 жылдың 6 сәуірінен бастап барлық мектеп оқушылары ІV тоқсанды қашықтықтан оқыту форматында бастады.

Қалада жалпы 172 мектепте 222 037 оқушы білім алуда.

Оның ішінде: инклюзивті білім берілетін оқушылар саны -827. «WhatsApp» мессенжері арқылы оңалту сабақтары 702 оқушыға жүргізілуде, ол 86,5%-ды құрайды. 125 оқушы денсаулығына байланысты ата-аналарының өтініштері негізінде сабақтан босатылған.

Оқушылардың 96,7%-ы электронды құрылғылармен яғни, компьютер, смартфон, планшет т.б жабдықталған (214 613 оқушы), қалған 3,3%-ы (7 424) оқушының телеарналар арқылы білім алу мүмкіндігі бар.

Бүгінгі таңда мектеп оқушыларытолығымен қашықтықтан білім беру жүйесімен қамтылды.

Барлық 17 253 мұғалім электронды құрылғылар мен интернет желісімен қамтамасыз етілген.

Оқушылардың қашықтықтан білім алу мүмкіндіктерін пайдалану көрсеткіші:

(оқушы мүмкіндігіне қарай әр пәннен кез-келгенін таңдай алады).

  • Телеарналарда - 167 440 (75,4%) оқушы білім алуда.
  • Интернет платформаларда- 192 552 (86,7%) оқушы білім алған.
  • Онлайн сабақтарда 55 778 оқушыяғни, 25,1%-ы білім алған.

(«Балапан»-қазақ сынып-ы, «Еларна»-орыс сынып-ы. 13.04.2020 ж бастап, «Қазақстан»ұлттық телеарнасы).

(«Bilimland.kz», «Дарын Онлайн» т.б білім ресурстары).

Республика көлемінде интернет платформаларда білім алуда Шымкент қаласының оқушылары 1 орында, ұстаздары 2 орында.

(«zoom», «google class», «edu page» бағдарламалары арқылы)

Барлық мұғалімдер оқушылармен «WhatsApp» мессенжері кері байланысқа шыға алды.

166 (96,5 %) мектеп «КүнделікКZ» -96,5 %, 6 мектепте «І mektep» электронды журналдарына 61,8 %-ға оқушылармен кері байланыс орнату арқылы белгілеуде.

Ерекше айта кететін жайт, компьютерді қажет ететін 17 616 оқушыға мектептердегі 10 192 компьютерлер уақытша берілді,

Сондай-ақ, республикалық бюджеттен бөлінетін 2 250,0 млн.тг. қаршыға 9000 компьютер сатып алу үшін мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.